О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 18 февраля 2002 года № 41 "О мерах по предупреждению чрезвычайных ситуаций в период весеннего паводка 2002 года" Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 18 ақпандағы № 41 "2002 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын-алу жөніндегі шаралар туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 13 бабына сәйкес және облыстың экономикасы мен инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 18 ақпандағы № 41 "2002 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын-алу жөніндегі шаралар туралы" қаулысының 4-тармағы жаңа редакцияда берілсін:
"4. Қаржы департаментi (М.А. Щеглова) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн су тасқынына қарсы iс-шараларды жүргiзуге Қостанай облысы әкiмiнiң резервтiк қорынан 6500000 теңге қаражат бөлсiн, оның iшiнде:
"Қостанай облысының энергетика,өнеркәсiп және құрылыс департаментi" ММ - 2094000 теңге;
"Қостанай облыстық суда қорғау орталығы" ММ - 500000 теңге;
"Қостанай облысының жол шаруашылығы және көлiк департаментi" ММ - 3906000 теңге."
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 18 ақпандағы № 41 "2002 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын-алу жөніндегі шаралар туралы" қаулысының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда берiлсiн.
Басқа 3. Су тасқынына қарсы іс-шаралардың
ЖОСПАРЫ
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2002 жылғы 13 мамырдағы
№ 107 қаулысына қосымша
Су тасқынына қарсы іс-шаралардың
ЖОСПАРЫ
Iс-шаралардың атауы
Сомасы (теңге)
Бағдарламалардың әкiмгерi
Мұз тұрып қалған жерлердегi жарылыс жұмыстары
315000
"Қостанай облысының энергетика, өнеркәсiп және құрылыс департаментi" ММ
Гидрометеорталығы қызметiнiң тұрақтығы жұмысын қамтамасыз етуге кететін шығындар
350000
"Қостанай облысының энергетика, өнеркәсiп және құрылыс департаментi" ММ
Телефон-телеграф қызметінің шығыны
300000
"Қостанай облысының энергетика, өнеркәсiп және құрылыс департаментi" ММ
Кезекшi ұшақ немесе тiк ұшақ қызметi үшiн төлем төлеу
1079000
"Қостанай облысының энергетика, өнеркәсiп және құрылыс департаментi" ММ
Кезекшi машинаға керектi ЖЖМ шығынын өтеу
50000
"Қостанай облысының энергетика, өнеркәсiп және құрылыс департаментi" ММ
Суда қорғау орталығы қызметiн шығыны
500000
«Қостанай облыстық суда қорғау орталығы" ММ
Жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны кезінде қираған жасанды құрылыстарды қалпына келтiру
3906000
"Қостанай облысының шаруашылығы және департаментi" ММ
ЖИЫНТЫҒЫ:
6500000