О внесении изменений в решение Павлодарского областного маслихата от 18 марта 2002 года №16/18 "О мероприятиях по обеспечению жильем репатриантов (оралманов) из Узбекистана, принимаемых в Павлодарскую область вне квоты иммиграции, и организации их проезда в места проживания на 2002 год" (№ 1186, 19.04.2002 г) Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық мәслихатының 2002 жылғы 18 наурыздағы № 16/18 "Павлодар облысына көшi-қон үлесiнен тыс қабылданатын Өзбекстаннан келген репатрианттарды (оралмандарды) тұрғын үймен қамтамасыз ету және олардың тұратын жерлерiне жетулерiн ұйымдастыру жөнiндегi 2002 жылға арналған iс-шаралар туралы" шешiмiне мынадай өзгертулер Облыс әкiмдiгiнiң ұсынысын арай отыра және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 18 наурыздағы (II сайланған, ХVIII (кезектен тыс) сессия) "Павлодар облысына көшi-қон үлесiнен тыс қабылданатын Өзбекстаннан келген репатрианттарды (оралмандарды) тұрғын үймен қамтамасыз ету және олардың тұратын жерлерiне жетулерiн ұйымдастыру жөнiндегi 2002 жылға арналған iс-шаралар туралы" № 16/18 шешiмiне мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 3, 4 баптар жойылсын;
Тармақша 2
2) 5 баптағы "құны мен қаржыландыру көздерi" деген баған мынадай редакцияда баяндалсын: - "қалалар мен аудандар бюджеттерi, 7.1.274.59.00 бағдарламасы, 19500 мың теңге; - облыстық бюджет, 7.1.274.59.00, 500 мың теңге"
Тармақша 3
3) 5 бап "Орындау үшiн жауапты адамдар" деген бағандағы "департаменттер" деген сөздiң алдында "қалалар мен аудандар өкiмдерi" деген сөзбен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттыѕ әлеуметтiк саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.