О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 18 августа 2003 года N 1166 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Президент пен Үкімет
актілерінің жинағында
(ПҮАЖ) жариялануға тиіс
Ақпараттық технологиялардың жаңа саласын құру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 33, 322-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацындағы "340" деген цифрлар "342,9" деген цифрлармен ауыстырылсын;
3-тармақ 7) тармақшасындағы "болып табылады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) мәтіндерді өңдеуге арналған машиналарды, көшіру-көбейту жабдығын, мекен-жай машиналарын, калькуляторларды, кассалық аппараттарды, таңбалау машиналарын, билет-касса машиналарын шығару, басқа да офистік машиналар мен жабдықтарды, электрондық есептеу машиналарын және ақпарат өңдеуге арналған өзге де жабдықтарды шығару;
9) электр және радио элементтерін, таратушы аппаратура, дыбыс пен бейне қабылдауға, жазуға және бейнелеуге арналған аппаратуралар шығару;
10) тұрмыстық электр құралдарын шығару болып табылады.";
11-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"АЭА аумағында еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен:
тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету;
тауарларды қайта өңдеу;
осы Ережеге сәйкес негізгі қызмет түрлеріне сай, АЭА құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлар мен жабдықтарды пайдалану және қолдану;
тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау;
құрылыс және өнеркәсіп өндірісі технологиясының талаптарын орындау жөнінде операциялар жүргізуге рұқсат етіледі.";
"Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ереженің жоспарына осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Басқа 3. "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы Ережеге жоспар
Қазақстан Республикасы Президентінің
2005 жылғы 16 шілдедегі N 1617 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166
Жарлығымен бекітілген ережеге
ҚОСЫМША
"Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы Ережеге жоспар
Жоспарды қағаз мәтінінен қараңыз.