О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2003 года N 259 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 наурыздағы N 259 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Агроөнеркәсiп кешенiне кредит берудiң және оны субсидиялаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 наурыздағы N 259 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналымды қаражатын толықтыруға екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесiнде: 3-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "3. Республикалық бюджеттен берiлетiн субсидиялау сомасы Қарыз алушыға Банк беретiн кредиттiң пайыздық ставкасының 80%-ына дейiн құрайды. Бұл ретте, кредиттiң пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгiнiң үлесi барлық Қарыз алушылар үшiн бiрдей болуы тиiс.". 5-тармақтың бiрiншiден оныншыға дейiнгi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: "5. Пайыздық ставканы субсидиялауға арналған қаражатты Бағдарламаның әкiмшiсi Қарыз алушыға Банк беретiн кредиттер бойынша мынадай кiшi салалар (лоттар) бойынша бөледi: 1) ет өңдеу; 2) сүт өңдеу; 3) терi шикiзатын және жүн өңдеу; 4) жемiс-жидектердi, көкөнiстердi өңдеу және жемiс-көкөнiс консервiлерiн, балаларға арналған тамақ өндiру; 5) майлы дақылдарды өңдеу және өсімдік майын өндiру."; 9-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.