О внесении дополнения и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2003 года N 259 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 18 наурыздағы N 259 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Агроөнеркәсiп кешенiне кредит берудің және оны субсидиялаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 наурыздағы N 259 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 11, 129-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лизингтік негізде ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру және сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесiнде: тақырыбы "қамтамасыз етуге" деген сөздерден кейiн "2003 жылға" деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "10. Сыйақы ставкасын өтеу 2004 жылдан бастап осы мақсаттарға тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүргізiледi.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.