О внесении изменений в нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 18 июня 2004 года № 5 "О судебной практике ликвидации юридических лиц, осуществляющих свою деятельность с грубым нарушением законодательства" Қолданыста
Басқа 0
"Өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды таратудағы сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 5 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды таратудағы сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 5 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тоқтату ерекшеліктері АК-нің 21-бабында, "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында, "Банкроттық туралы" Заңның (бұдан әрі - Заң) 7, 9, 9-1-тарауларында қарастырылған.";
Тармақша 2
2) 2-тармақтың екінші абзацындағы "Банкроттық туралы" Заңның (бұдан әрі - Заң) 1-бабының 18) тармақшасына сәйкес" деген сөздер "Заңның 1-бабының 12) тармақшасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 9-тармақтың бірінші абзацындағы "22-26" деген цифрлар "22, 23, 24, 26" деген цифрлармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.