О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 18 октября 2004 года № а-9/239 «Об утверждении мероприятий по подготовке и проведению празднования 60-ой годовщины Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годы» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге дайындалу мен өткізу жөніндегі іс-шараларды бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2004 жылғы 18 қазандағы № а-9/239 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге дайындалу мен өткізу жөніндегі іс-шараларды бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2004 жылғы 18 қазандағы № а-9/239, Ақмола облысының әділет департаментінде 2004 жылы 6 желтоқсанда № 2917 болып тіркелген, «Акмолинская правда» газетінің 2005 жылғы 13 қаңтардағы 5 санында жарияланған қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) осы қаулының 2 қосымшасында: 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге дайындалу мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына мыналар енгізілсін: Смайылов Жанболат Амангелдіұлы Степногорск қаласының әкімі Смағұлов Серік Зәйкешұлы Ақмола облысы әкімі аппаратының бас инспекторы Әлиев Жаңабай Рақышұлы Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Сәдуақасов Нұрбек Қазбекұлы облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Баяділов Байқал Қайырлыұлы Ақмола облыстық телерадиокомпаниясының директоры (келісімі бойынша) Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы «Арқа ажары» облыстық газетінің бас редакторы Ұйымдастыру комитетінің құрамынан шығарылсын: Жаңабергенов Қайрат Мырзаханұлы Степногорск қаласының әкімі Мысырәлімова Айна Ермекқызы Ақмола облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөлімінің меңгерушісі Күзембаева Маржан Бопайқызы Ақмола облысының экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасының бастығы Комалдинов Инсафутдин Мавзетдинович облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Шораев Арман Төлегенұлы Ақмола облыстық телерадиокомпаниясының директоры (келісімі бойынша) Ыдрысова Құралай Ғазизқызы Ақмола облыстық ақпарат басқармасының бастығы (келісімі бойынша) Әбдіхалық Жомарт Сафиұлы «Арқа ажары» облыстық газетінің бас редакторы
Тармақ 2
2. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және мерзімдік басылымдарда жариялануға тиіс.