О внесении изменения и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 ноября 2004 года № 937 "Об утверждении Типовой формы договора возмездного оказания образовательных услуг" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Оқыту қызметін өтемелі көрсету шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 18 қарашадағы N 937 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. "Оқыту қызметін өтемелі көрсету шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 18 қарашадағы N 937 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 3292 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Оқыту қызметін өтемелі көрсету шартының үлгілік нысанында: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6. Көрсетілетін оқыту қызметі үшін төлем ақы сомасы тиісті мемлекеттік білім беру стандартының шеңберінде теңгемен белгіленеді."; мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2-тармақтарымен толықтырылсын: "6-1. Студент шарт жасау кезінде білім алудың барлық кезеңіне шығыстарды мезгілді өтеген жағдайда шарт сомасы оқудың мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейді. 6-2. Оқыту үшін шығыстарды кезеңмен төлеу кезінде еңбек ақыға арналған шығыстар және инфляция индексі өскен жағдайда тараптардың келісімі бойынша төлем ақы көлемі жылына 1 рет өзгеруі мүмкін, ол туралы осы шартқа қосымша жасалады. Оқыту құнының өсуі оқытуға арналған шығыстардың жалпы көлеміне қатысты еңбек ақыға арналған шығыстардың және инфляция индексінің өсуін арттырмауы қажет.".
Тармақ 2
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (К. Құрманәлиев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.