О внесении дополнений в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 ноября 2004 года № 945 "Об утверждении Перечня профессий и специальностей, получение которых в заочной, вечерней и в форме экстерната не допускается" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 қарашадағы N 945 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Жоғары білікті кадрлар даярлауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1.»"Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы"» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3269 тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 қарашадағы N 945 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесінде: "050718" коды: "Кәсіптік жоғары білім берудің сырттай оқыту нысаны бойынша мамандықтары (бакалавриат), техникалық ғылымдар және технологиялар, электр энергетикасы" білім беру бейінінде, мамандықтар мен кәсіптердің атауларында: "электр энергетикасы" деген сөзден кейін "(жалпы орта білім беру базасында)" деген сөздермен толықтырылсын; "050719" коды: "Кәсіптік жоғары білім берудің сырттай оқыту нысаны бойынша мамандықтары (бакалавриат), техникалық ғылымдар және технологиялар, радиотехника, электроника және телекоммуникация" білім беру бейінінде мамандықтар мен кәсіптердің атауларында: "телекоммуникация" деген сөзден кейін "(жалпы орта білім беру базасында)" деген сөздермен толықтырылсын; "050732"» коды: "Кәсіптік жоғары білім берудің сырттай оқыту нысаны бойынша мамандықтары (бакалавриат), техникалық ғылымдар және технологиялар, стандарттау, метрология және сертификаттау" білім беру бейінінде, мамандықтар мен кәсіптердің атауларында: "сертификаттау" деген сөзден кейін»"(жалпы орта білім беру базасында)"»деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Р.Нұрғожин) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Р.Нұрғожин) мен Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты барлық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Х.М.Өтеулинаға жүктелсін.