О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 18 марта 2005 года № 15/2 «Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 18 наурыздағы № 15/2 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Аудан әкімдігінің өтінішін қарастырып және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының ақпаратын тыңдап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2005 жылдың 18 сәуіріндегі № 1-16-1 тіркелген, аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 18 наурыздағы № 15/2 шешімімен бекітілген, Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2005 жылдың 21 қарашасында № 1-16-21 тіркелген, аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 8 қарашадағы № 21/6 шешімімен келесі толықтырулар енгізіліп толықтырылып бекітілген, жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 5 тармақтың 1 тармақшасы «қолдау» деген сөзден кейін «комиссия шешімі бойынша» деген сөзбен толықтырылсын. 5 тармақтың 2 тармақшасы «16 жасқа дейінгі мүгедек балалар» деген сөзден кейін «аз қамтамасыз етілген отбасыларынан туберкулез аурулар» деген сөзбен толықтырылсын. 11 тармақ «10 айлық есептеу көрсеткіші мөлшерінен артық емес» деген сөзден кейін «аз қамтамасыз етілген отбасыларынан туберкулезбен ауратындарға ай сайынғы телем-әр ауруға 0,5 есептеу көрсеткіші» деген сөзбен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім қосымшаға орай, жаңа редакциядағы толықтыру есепке алынып бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп және ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Басқа 5
2006 жылдың 10 қазандағы № 30/3 аудан мәслихаты сессиясының бекітілген шешіміне қосымша Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Нақты жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі-ереже) бюджеттік 451007000 «Жеке санаттағы тұлғаларға жергілікті органдардың өкілдерінің шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер», бағдарламасы бойынша төлемдерді ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Ережені қабылдау үшін Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы және 24 сәуір 2004 жылғы № 548 Қазақстан Республикасының бюджет кодексі құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Ереженің қызметі реттелетін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының қатысына таратылмайды.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек мемлекеттік мерекелерде және жалпы аудандық шараларда ақшалай қаражатпен, стационарда емделуге, медициналық мекемелерде қаралуға, дәрі-дәрмекті, азық-түлікті, отынды сатып алуға және емделу орнына дейінгі жол ақы, жұмыссыздар мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге және құжаттандыру түрінде көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Төлемдерді алу құқығы
2. Төлемдерді алу құқығы
Тармақ 5
5. Төлемдерді алу құқығын игеретіндер:
Тармақша 1
1) Өмірлік ауыр жағдайға тап болған орта жан басына шаққандағы кірісі күн көріс деңгейінен аспайтын және жедел әлеуметтік қолдауға (комиссия шешімі бойынша) мұқтаж жағдайлары анықталған отбасылары (азаматтары), сонымен бірге мереке күндері жеке санаттағы азаматтар болып табылады;
Тармақша 2
2) Ұлы отан соғысына қатысушылар және оған теңестірілген тұлғалар, тыл еңбеккерлеріне, әскери-интернационалистер, фашистік лагердің құрбандары, соғыс жылдары қайтыс болғандардың жесірлері, оналтылған азаматтар, Чернобыль АЭС апатты жоюға қатысқандар, зейнеткерлер, мүгедектер, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, аз қамтамасыз етілген отбасыларынан туберкулез аурулар, жетім балалар, «Мать героиня» медалдарымен және «Күміс алқа», «Алтын алқа» аспаларымен марапатталған көп балалы аналар;
Тармақша 3
3) Өртін нәтижесінде, басқада жағдайларда зардап шеккен отбасылары (кіріс саналмайды);
Тармақша 4
4) Жұмыссыз азаматтар мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлейтін отбасылары.
Тарау 3. 3. Төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
3. Төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аудандық мәслихат депутаттарының санынан, Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, қоғамдық мүшелерден және басқа да ұйымдардың өкілдерінен комиссия құрылады. Комиссияның жеке кұрамы мен саны аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіледі. Комиссия отырысы айына бір реттен кем емес Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде өткізіледі.Комиссияның негізгі міндеттері болып табылатындар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмекті көрсету туралы азаматтардың өтініштерін қарастыру;
Тармақша 2
2) көмек сұраған отбасының (азаматтың) қамтамасыз етілген деңгейін және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылдау.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті көрсетудің тәртібі мен мөлшері
4. Әлеуметтік көмекті көрсетудің тәртібі мен мөлшері
Тармақ 7
7. Әлеуметтік төлем ақша түрінде жылына бір рет бір отбасының мүшесіне (азаматқа) алушының есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен беріледі. Жеке куәлігін рәсімдеуге әлеуметтік көмек қолданыстағы заңнамаға орай, ақшалай қаражатты Салық комитетіне аудару жолымен жүзеге асырылады. Жеке куәлігіне суретке түскені және тұрған жері бойынша тіркелуі үшін бланктерді сатып алу үшін әлеуметтік көмек, Заңнама тәртібінде бекітілген байқауды женіп алған және осы қызметті көрсетуге құқығы бар, Даңды немесе жеке тұлғалардың есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік төлемді алуға үміткер тұлғалар Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш тапсырады. Өтінішке келесі құжаттар тапсырылады:
Тармақша 1
1) төлқұжат немесе жеке куәлігі, ӘЖК/СТН;
Тармақша 2
2) отбасының құрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) өткен тоқсандағы кірісі туралы анықтама;
Тармақша 4
4) әлеуметтік төлемге мұқтаж екендігін растайтын құжат;
Тармақша 5
5) отбасының материалды жағдайы туралы акті;
Тармақша 6
6) банктегі есеп шотының нөмрі
Тармақ 9
9. 5 тармақтың 4 кіші тармағында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік көмек алуға келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) отбасы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) өлуі туралы анықтама;
Тармақша 4
4) өлуі туралы куәлік;
Тармақша 5
5) ӘЖК, СТЩ,банк шоты, жеке куәлігі.
Тармақ 10
10. Көмек көрсету туралы өтінішті талап етпей-ақ және материалдық тұрмыстық тексеріс актісінсіз, мемлекеттік мерекелерде және аудандық шараларда аудан әкімімен келісілген, тізімнің негізінде жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Әрбір нақты жағдайда төлем мөлшері комиссиямен анықталады.5 тармақтың 1 кіші тармағында және 5 тармақтың 2 кіші тармағында көрсетілген тұлғалар үшін 20 айлық есептеу көрсеткішінен аспауы керек. 5 тармақтың 3 кіші тармағында көрсетілен тұлғаларға комиссиямен анықталады, бірақ 40 айлық есептеу көрсеткішінен аспауы керек, ал 5 тармақтың 4 кіші тармағында көрсетілген тұлғалар үшін 10 айлық есептеу көрсеткішінен, аз қамтамасыз етілген отбасыларынан туберкулезбен ауратындарға ай сайынғы төлем-әр ауруға 0,5 есептеу көрсеткішінен аспауы керек. Аз қамтамасыз етілген азаматтарды құжаттандыруға арналған төлемнің мөлшері суретке түсу қызметінің төлемінің соммасынан, мемлекеттік баждың мөлшерінен және тұрған жері бойынша тіркелу үшін бланктерді сатып алғаны үшін төлемнің соммасынан құрылады.
Тарау 5. 5. Төлемдерді қаржыландыру.
5. Төлемдерді қаржыландыру.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік төлемдердін шығыстарын қаржыландыру 451007000 «Жеке санаттағы тұлғаларға жергілікті органдардың өкілдерінің шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарлама бойынша осы мақсаттар үшін аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттың шегінде жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Төлемдерді жүзеге асыруды бақылау
6. Төлемдерді жүзеге асыруды бақылау
Тармақ 13
13. Әлеуметтік төлемдерді бақылау және есеп беру Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.