О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 18 марта 2005 года № 15/2 «Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 18 наурыздағы № 15/2 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 18 наурыздағы № 15/2 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» (Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2005 жылдың 18 сәуіріндегі № 1-16-1 тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2005 жылдың 25 сәуірінде № 33 (7392) жарияланған) аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 8 қарашадағы № 21/6 және 2006 жылғы 10 қазандағы № 30/3 шешімімен келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген, жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесінде:
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4.Әлеуметтік көмек жалпы аудандық іс-шараларға және мемлекеттік мерекелерге, стационарда емделуге, дәрігерлік мекемелерде тексерулерге, дәрі-дәрмекті, тамақ өнімдерін, отынды сатып алуға, емделу орнына дейінгі жолға, жұмыссыз және кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге, құжаттандыруға және осы ережемен көрсетілген басқа да жағдайларға ақшалай көмек көрсетіледі;
5 тармақтың 5) тармақшасы келесі мазмұнда толықтырылсын:
«5 Білім және денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істеу үшін орта және жоғары оқу орындарын бітірген жылы ауданға келген жас мамандар»;
7 тармақ абзацпен толықтырылсын:
«Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне және аз қамтамасыз етілген отбасыларынан өкпе ауруымен ауыратындарға ақшалай көмек, осы ережемен қарастырылған айсайынғы мөлшерде беріледі»;
8-1 тармағы толықтырылсын:
«8-1.5 тармақтың 5 тармақшасында көрсетілген әлеуметтік көмекті алушылар үшін, жұмыс беруші келесі құжаттарды тапсырады:
1) өтініш;
2) жеке еңбек шарты
3) жеке куәлігінің құжаты, салық төлеушінің тіркелу нөмірін берілуі туралы куәлігінің көшірмесі және әлеуметтік жеке коды;
4) банктен алушының есеп айырысу шотының нөмірі
11 тармақ жаңа мазмұнда жазылсын:
«11.Әрбір нақты жағдайда төлем мөлшері комиссиямен анықталады.
Көрсетілген тұлғалар үшін төлем мөлшері:
5 тармақтың 1) тармақшасы және 5 тармақтың 2) тарақшасы 20 айлық есептеу көрсеткішінің мөлшерінен аспауы керек;
5 тармақтың 3) тармақшасы 40 айлық есептеу көрсеткішінен аспауы керек;
5 тармақтың 4) тармақшасы 10 есептеу көрсеткішін құрайды;
5 тармақтың 5) тармақшасы орта кәсіби білімі барлар үшін 50 мың теңгені құрайды, жоғары кәсіби білімі барлар үшін 100 мың теңгені құрайды.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан өкпе ауыруымен ауырғандарға ай сайын қосымша 0,5 айлық ( есептеу көрсеткіші төленеді.
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына айсайын қосымша 50 киловатт электроқуатының және 5 килограмм газдың құның төлеу жүргізілсін
Азқамтамасыз етілген азаматтарды құжаттандыру төлемінің мөлшері фотосурет кызметінің төлем соммасының, мемлекеттік баждың мөлшерінен және тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін бланктерді сатып алу төлем соммасынан құралады.
Тармақ 2
2. Осы шешім жаңа редакциядағы толықтырулар есепке алынып, қосымшаға орай бекітілсін
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп және ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Басқа 4
2007 жылдың 19 маусымындағы № 36/2
Аудан мәслихаты сессиясының
бекітілген шешіміне
қосымша
Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесі
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Нақты жеке санатттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі-ереже) бюджеттік 451007000 «Жеке санаттағы тұлғаларға жергілікті органдардың өкілдерінің шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер», бағдарламасы бойынша төлемдерді ұйымдастыру тәртібін реттейді
Тармақ 2
2. Ережені қабылдау үшін Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы және 24 сәуір 2004 жылғы № 548 Қазақстан Республикасының бюджет кодексі құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Ереженің қызметі реттелетін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының қатысына таратылмайды.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек жалпы аудандық іс-шараларға және мемлекеттік мерекелерге, стационарда емделуге, дәрігерлік мекемелерде тексерулерге, дәрі-дәрмекті, тамақ өнімдерін, отынды сатып алуға, емделу орнына дейінгі жолға, жұмыссыз және кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге, құжаттандыруға және осы ережемен көрсетілген басқа да жағдайларға ақшалай көмек көрсетіледі;
Тарау 2. 2. Төлемдерді алу құқығы
2. Төлемдерді алу құқығы
Тармақ 5
5. Төлемдерді алу құқығын игеретіндер:
Тармақша 1
1) Өмірлік ауыр жағдайға тап болған орта жан басына шаққандағы кірісі күн көріс деңгейінен аспайтын және жедел әлеуметтік қолдауға (комиссия шешімі бойынша) мұқтаж жағдайлары анықталған отбасылары (азаматтары), сонымен бірге мереке күндері жеке санаттағы азаматтар болып табылады;
Тармақша 2
2) Ұлы отан соғысына қатысушылар және оған теңестірілген тұлғалар, тыл еңбеккерлеріне; әскери-интернационалистер, фашистік лагердің құрбандары, соғыс жылдары қайтыс болғандардың жесірлері, оналтылған азаматтар, Чернобыль АЭС апатты жоюға қатысқандар, зейнеткерлер, мүгедектер, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, аз қамтамасыз етілген отбасыларынан туберкулез аурулар, жетім балалар, «Мать героиня» медалдарымен және «Күміс алқа», «Алтын алқа» аспаларымен марапатталған көп балалы аналар;
Тармақша 3
3) Өртін нәтижесінде, басқада жағдайларда зардап шеккен отбасылары (кіріс саналмайды);
Тармақша 4
4) Жұмыссыз азаматтар мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлейтін отбасылары. .
Тармақша 5
5) Білім және денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істеу үшін орта және жоғары оқу орындарын бітірген жылы ауданға келген жас мамандар
Тарау 3. 3. Төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
3. Төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аудандық мәслихат депутаттарының санынан, Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, қоғамдық мүшелерден және басқа да ұйымдардың өкілдерінен комиссия құрылады. Комиссияның жеке құрамы мен саны аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.
Комиссия отырысы айына бір реттен кем емес Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде өткізіледі. Комиссияның негізгі міндеттері болып табылатындар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмекті көрсету туралы азаматтардың өтініштерін қарастыру;
Тармақша 2
2) көмек сұраған отбасының (азаматтың) қамтамасыз етілген деңгейін және әлеуметтік тұрмыстық жағдайын тексеру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы шешім кабылдау.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті көрсетудің тәртібі мен мөлшері
4. Әлеуметтік көмекті көрсетудің тәртібі мен мөлшері
Тармақ 7
7. Әлеуметтік төлем ақша түрінде жылына бір рет бір отбасының мүшесіне (азаматқа) алушының есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен беріледі.
Жеке куәлігін рәсімдеуге әлеуметтік көмек қолданыстағы заңнамаға орай, ақшалай қаражатты Салық комитетіне аудару жолымен жүзеге асырылады.Жеке куәлігіне суретке түскені және тұрған жері бойынша тіркелуі үшін бланктерді сатып алу үшін әлеуметтік көмек, Заңнама тәртібінде бекітілген байқауды женіп алған және осы қызметті көрсетуге құқығы бар, заңды немесе жеке тұлғалардың есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне және аз қамтамасыз етілген отбасыларынан өкпе ауруымен ауыратындарға ақшалай көмек, осы ережемен қарастырылған айсайынғы мөлшерде беріледі
Тармақ 8
8. Әлеуметтік төлемді алуға үміткер тұлғалар Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш тапсырады. Өтінішке келесі құжаттар тапсырылады:
Тармақша 1
1) төлқұжат немесе жеке куәлігі, ӘЖК, СТН;
Тармақша 2
2) отбасының құрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) өткен тоқсандағы кірісі туралы анықтама;
Тармақша 4
4) әлеуметтік төлемге мұқтаж екендігін растайтын құжат;
Тармақша 5
5) отбасының материалды жағдайы туралы акті;
Тармақша 6
6) банктегі есеп шотының нөмірі.
Тармақ 8-1
8-1. 5 тармақтың 5 тармақшасында көрсетілген әлеуметтік көмекті алушылар үшін, жұмыс беруші келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) жеке еңбек шарты
Тармақша 3
3) жеке куәлігінің құжаты, салық төлеушінің тіркелу нөмірін берілуі туралы куәлігінің көшірмесі және әлеуметтік жеке коды; банктен алушының есеп айырысу шотының нөмірі
Тармақ 9
9. 5 тармақтың 4 кіші тармағында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік көмек алуға келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1).өтініш;
Тармақша 2
2) отбасы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) өлуі туралы анықтама;
Тармақша 4
4) өлуі туралы куәлік;
Тармақша 5
5) ӘЖК, СТН, банк шоты, жеке куәлігі.
Тармақ 10
10. Көмек көрсету туралы өтінішті талап етпей-ақ және материалдық тұрмыстық тексеріс актісінсіз, мемлекеттік мерекелерде және аудандық шараларда аудан әкімімен келісілген, тізімнің негізінде жүргізіледі,
Тармақ 11
11. Әрбір нақты жағдайда төлем мөлшері комиссиямен анықталады.
Көрсетілген тұлғалар үшін төлем мөлшері:
5 тармақтың 1) тармақшасы және 5 тармақтың 2) тарақшасы 20 айлық есептеу көрсеткішінің мөлшерінен аспауы керек;
5 тармақтың 3) тармақшасы 40 айлық есептеу көрсеткішінен аспауы керек;
5 тармақтың 4) тармақшасы 10 есептеу көрсеткішін құрайды;
5 тармақтың 5) тармақшасы орта кәсіби білімі барлар үшін 50 мың теңгені құрайды, жоғары кәсіби білімі барлар үшін 100 мың теңгені құрайды.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан өкпе ауыруымен ауырғандарға ай сайын қосымша 0,5 айлық есептеу көрсеткіші төленеді.
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына айсайын қосымша 50 киловатт электроқуатының және 5 килограмм газдың құның төлеу жүргізілсін.
Аз қамтамасыз етілген азаматтарды құжаттандыру төлемінің мөлшері фотосурет қызметінің төлем соммасының, мемлекеттік баждың мөлшерінен және тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін бланктерді сатып алу төлем соммасынан құралады.
Тарау 5. 5. Төлемдерді қаржыландыру.
5. Төлемдерді қаржыландыру.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік төлемдердін шығыстарын қаржыландыру 451007000 «Жеке санаттағы тұлғаларға жергілікті органдардың өкілдерінің шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарлама бойынша осы мақсаттар үшін аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттың шегінде жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Төлемдерді жүзеге асыруды бақылау
6. Төлемдерді жүзеге асыруды бақылау
Тармақ 13
13. Әлеуметтік төлемдерді бақылау және есеп беру Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.