О внесении изменений в решение районного маслихата от 18 марта 2005 года № 15/2 «Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 18 наурыздағы № 15/2 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 18 наурыздағы № 15/2 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» (Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2006 жылдың 18 сәуіріндегі 1-16-1 тіркелген,«Сандықтауские вести» газетінде 2005 жылдың 25 сәуірінде № 33 (7392) жарияланған) аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 8 қарашадағы № 21/6 (Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2005 жылғы 21 қарашасындағы № 1-16-21 тіркелген, «Сандықтауские вести» газетінде 2005 жылдың 1 желтоқсанында № 95 жарияланған), 2006 жылғы 10 қазандағы № 30/3 шешімі (Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2006 жылдың 23 қазанда № 1-16-48 тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2006 жылдың 30 қазандағы № 84 жарияланған), 2007 жылғы 19 маусымдағы № 36/2 шешімі (Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2007 жылдың 29 маусымдағы № 1-16-61 тіркелген, «Сандықтауские вести» газетінде 2007 жылдың 4 шілдесіндегі № 54 жарияланған), шешімімен келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген шешімге келесі өзгерістер енгізілсін: Жоғарыда көрсетілген аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесінде: 7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «7. Әлеуметтік төлем ақша түрінде жылына бір рет отбасының бір мүшесіне (азаматқа) ұсынылады. Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан өкпе ауруымен ауыратындарға, аз қамтамасыз етілген азаматтарға тамақ өнімдеріне және коммуналды қызметтін бағасының жоғарлауына байланысты шығындарды қайтаруға әлеуметтік көмек, осы Ережемен қарастырылған мөлшерде ай сайын ұсынылады.»; 11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «11. Әрбір нақты жағдайда төлем мөлшері комиссиямен анықталады. Көрсетілген тұлғалар үшін төлем мөлшері: 5 тармақтың 1) тармақшасы және тармақшасы 20 айлық есептеу көрсеткішінің мөлшерінен аспауы керек; 5 тармақтың 3) тармақшасы 40 айлық есептеу көрсеткішінен аспауы керек; 5 тармақтың 4) тармақшасы 10 есептеу көрсеткішін құрайды; 5 тармақтың 5) тармақшасы орта кәсіби білімі барлар үшін 60 мың теңгені құрайды, жоғары кәсіби білімі барлар үшін 100 мың теңгені құрайды. Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан өкпе ауыруымен ауыратындарға ай сайын қосымша 0,5 айлық есептеу көрсеткіші төленеді. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аз қамтамасыз етілгендер санынан көп балалы отбасыларына отбасының әрбір мүшесіне ай сайын қосьшша 0,5 айлық есептеу көрсеткіші төленеді. Оңалтудың жеке бағдарламасын алған мүгедектерге төлем мөлшері 4 айлық есептеу көрсеткішінен аспауы керек. Аз қамтамасыз етілген азаматтарды құжаттандыру төлемінің мөлшері фотосурет қызметінің төлем соммасының, мемлекеттік баждың мөлшерінен және тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін бланктерді сатып алу төлем соммасынан құралады».
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Б.С.Ізбасарова 11.12.2007 ж. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Н.А.Мурашиди 11.12.2007 ж. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы С.В.Назарович 11.12.2007 ж.