О внесении изменения и дополнения в постановление акимата области от 18 ноября 2005 года № 264 «Об учреждении ежегодных премий акима области журналистам средств массовой информации Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысының бұқаралық ақпарат құралдары журналистеріне облыс әкімінің жыл сайынғы сыйлықақысын тағайындау туралы» 2005 жылғы 18 қарашадағы № 264 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы № 148 Заңы 27 бабы 2 тармағына, «Нормативтік құқыктық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы 28 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысының бұқаралық ақпарат құралдары журналистеріне облыс әкімінің жыл сайынғы сыйлықақысыға тағайындау туралы» («Северный Казахстан» газеті 2005 жылғы 25 қараша, «Солтүстік Казақстан» газеті 2005 жылғы 25 караша, тіркеу № 1604) Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің 2005 жылғы 18 қарашадағы № 264 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3 тармақ алынып тасталсын;
Көрсетілген қаулымен бекітілген, Солтүстік Қазақстан облысының бұқаралық ақпарат құралдары журналистеріне облыс әкімінің жыл сайынғы сыйлықақысын тағайыңдау Ережелері, мынандай мазмұндағы 8 тармақпен толықтыру:
«8. Облыс әкімінің актісімен жыл сайын комиссия құрамы бекітіледі»
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.К.Мырзалинға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған бірінші күннен бастап қолданысқа енгізіледі.