О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 18 августа 2006 года N 781 и от 4 декабря 2006 года N 1167 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 781 және 2006 жылғы 4 желтоқсандағы N 1167 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 781 қаулысында :
1-тармақтың үшінші абзацындағы "36" деген цифрлар "73" деген
цифрлармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің кейбір
мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4
желтоқсанындағы N 1167 қаулысында :
2-тармақтың 1) тармақшасында:
бірінші абзацта:
"56" деген цифрлар "93" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"641424000 (алты жүз қырық бір миллион төрт жүз жиырма төрт
Тармақша мың
мың)" деген сөздер "1193876000 (бір миллиард бір жүз тоқсан үш миллион сегіз жүз жетпіс алты мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "412344000 (төрт жүз он екі миллион үш жүз қырық төрт мың) деген сөздер "964796000 (тоғыз жүз алпыс төрт миллион жеті жүз тоқсан алты мың)" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі