О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района от 18 июля 2007 года № 243 "Об учреждении выплат единовременной помощи молодым специалистам, имеющим медицинское образование и прибывшим работать в Акжарский район" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Медициналық білімі бар және Ақжар ауданына жұмыс істеуге келген жас мамандарға бірынғай әлеуметтік көмек төлемін тағайындау туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 18 шілдедегі N 243 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына және 2-тармағына, «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын реформалау және дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы» 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 1438 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының 3-тармағына, «2005-2010 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтауын реформалау және дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы» Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің 2005 жылғы 19 қаңтардагы № 11 қаулысына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 20 сәуіріндегі № 107 қаулысымен бекітілген «2005-2007 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының емдеу-сақтандыру үйымдарының медициналық кадрлармен қамтамасыз ету бағдарламасы» 5-тармағы, 5.1) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Медициналық білімі бар жэне Ақжар ауданына жұмыс істеуге келген жас мамандарға бірыңғай әлеуметтік көмек төлемін тағайындау туралы» (Ақжар ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 29 тамызында № 13-4-48 тіркелген) аудан әкімдігінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 243 қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 18 шілдедегі № 243 қаулысының атауында «жас» деген сөзі шығарылсын; қаулысының 1, 4 тармағында «жас» деген сөзі шығарылсын; 2-тармағы 4) тармақшасын «жас мамандарға» деген сөзбен толықтырылсын; 2-тармағы 7) тармақшасы «еңбек шартының көшірмесі» сөзімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның бірінші рет ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.