О внесении дополнения в решение Степногорского городского маслихата от 18 апреля 2007 года № ЗС-37/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям граждан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қалалық мәслихатының 2007 жылғы 18 сәуірдегі № ЗС-37/4 «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының, 11), 14) тармақшаларына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қалалық мәслихатының 2007 жылғы 18 сәуірдегі № ЗС-37/4 «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне (Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 27 сәуірде № 1-2-65 тіркелген, «Степногорск ақшамы», «Вечерний Степногорск» газеттерінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 10 жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: «Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі және мөлшері» деген 4 бөлімнің 10 тармақшасы келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын: «Аз қамтылған отбасыларға ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек отбасының әр мүшесіне 0,5 айлық есеп көрсеткіші көлемінде беріледі».
Тармақ 2
2. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң қолданысқа енгізіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға жатады.