О внесении изменения в постановление акимата от 18 апреля 2007 года № 99 «Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» әкімдіктің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 99 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, «Әскери міндеттер және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңың, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру туралы» 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығын орындауда, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы». (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тізілімінде нөмірі 9-20-50 тіркелген, 3 мамырдағы 2007 жылғы № 18 «Федоровские новости» газетінде жарияланған) әкімдіктің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 99 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: осы қаулының 1-тармағы мына редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ішкі әскеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ азаматтарды он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейін, сондай-ақ оқу мекемелерінен шығарылғандар, жасы жиырма жетіге толмаған және әскери қызметке шақыру бойынша белгіленген мерзімде қызмет етпегендерді кезекті мерзімдік әскери қызметке шақырылуы 2007 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылсын».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.