О внесении изменения и дополнения в постановление акимата от 18 апреля 2007 года № 99 «Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» әкімдіктің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 99 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, «Әскери міндеттер және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығын орындауда Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда - азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 9-20-56 тіркелген, 2007 жылғы 30 тамыздағы № 37 «Федоровские новости» газетінде жарияланған) әкімдіктің 2007 жылғы 24 шілдедегі № 185 қаулысымен бұрын өзгерістер енгізілген «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда - азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы», (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 9-20-50 тіркелген, 2007 жылғы 3 мамырдағы № 18 «Федоровские новости» газетінде жарияланған) әкімдіктің 2007 жылғы 18сәуірдегі № 99 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: Аудандық шақыру комиссиясының құрамынан Г.Қ. Есмағамбетова шығарылсын; Аудандық шақыру комиссиясының құрамына аудандық шақыру комиссиясының хатшысы болып Наталья Анатольевна Песчаная енгізілсін (1-қосымша). Мына толықтырулар енгізілсін: аудандық резервтік шақыру комиссиясының құрамы құрылсын және осы құрамы бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.
Басқа 4. Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Әкімдіктің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 210 қаулысына 1-қосымша Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Никифоров Александр Николаевич - «Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия торағасы (келісім бойынша) Адаева Мәриям Дулатқызы - «Федоров аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Браилко Надежда Анатольевна - «Федоров аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының дәрігерлік консультативтік комиссиясының төрағасы, дәрігер (келісім бойынша) Песчаная Наталья Анатольевна - «Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру және келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді іріктеу бөлімшесі бастығының көмекшісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) Шуртамбаев Мырзаш Мнайдарұлы - «Қостанай облысы Федоров аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Басқа 5. Аудандық резервтік шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Әкімдіктің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 210 қаулысына 2-қосымша Аудандық резервтік шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Сурнин Александр Петрович - «Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Шаптала Людмила Юрьевна - «Федоров аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастаушы маманы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Круглова Антонида Михайловна - «Федоров аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының дәрігерлік консультативтік комиссиясының төрағасы, амбулаторлық-емхана жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары (келісім бойынша) Шашкова Татьяна Николаевна - «Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру дайындығы және аймақтық қорғаныс бөлімшесі бастығының аға көмекшісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) Бугаков Юрий Иванович - «Қостанай облысы Федоров аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы