О реализации решения Карасуского районного маслихата от 18 декабря 2008 года № 100 "О районном бюджете Карасуского района на 2009 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қарасу ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Қарасу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 100 шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 242-бабына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қарасу ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Қарасу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 100 шешіміне сәйкес және "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерде қайтыс болған кәмелет жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерде қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) мүгедек-балаларды компьютерлік томографта қаралуымен байланысты есеп айырысу құжаттары негізінде қаралу бағасынан жүз пайыз мөлшерінде шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерде туберкулезбен ауыратын азаматтарды емханалық емделу кезеңінде қосымша тамаққа жыл сайындық бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 5000 теңгеден және соларға теңестірілген адамдарға – 1000 теңгеден жыл сайындық бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне тұрмыстық мұқтаждықтарына (моншалар және шаштараздар) 500 теңгеден ай сайындық әлеуметтiк көмек;
Тармақша 7
7) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және соларға теңестірілген адамдарға "Костанайские новости" немесе "Қостанай таңы" газеттерiне жазылуын ресiмдеуге, телефонды орнатуға әлеуметтiк көмек;
Тармақша 8
8) Ұлы Отан соғысы, еңбек ардагерлерінің Туған күнінің мерейтойына 3000 теңгеден 10000 теңгеге дейін әлеуметтік көмек;
Тармақша 9
9) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне отынды (көмір, отын) сатып алуға және коммуналдық қызметтерді (электроэнергия) төлеуге 30000 теңгеге дейін бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 10
10) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген үйде тәрбиелеп және оқып жатқан мүгедек-балаларға айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерде әлеуметтік көмек;
Тармақша 11
11) шұғыл әлеуметтік қолдауда мұқтаж еткен (емделу, тұрмыстық мұқтаждықтар, апатты кесапаттар және басқалар) отбасыларға жылына бір реттен көп емес, ерекше жағдайларда емделуге – жылына екі рет 30000 теңгеге дейін бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 12
12) аудандық бюджет қаражаттар есебінен Қарт адамдардың күніне және Мүгедектер күніне 1000 теңгеден бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 13
13) аудан мұқтаж ететін мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының жоғары және орта-арнайы оқу орындарында оқуын төлеу үшін орта жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне әлеуметтік көмек;
Тармақша 14
14) республикалық және жергілікті маңыздағы дербес зейнеткерлерге және еңбек сіңірген қызметкері атағы бар зейнеткерлерге 30000 теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 15
15) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектерiне, тыл еңбекшілеріне, мүгедектеріне айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген мөлшерде санаторлық-курорттық емделуге бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 16
16) "Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін" медалімен наградталған ардагерлерге 20000 теңге мөлшерінде және соғыс жылдарында 6 айдан және одан астам жұмыс істеген тыл ардагерлерге 10000 теңге мөлшерінде коммуналдық қызметтерге бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 17
17) фенилкетонуриямен ауыратын мүгедек-балаларға 90130 теңге мөлшерінде ай сайындық әлеуметтік көмек;
Тармақша 18
18) Қарасу ауданының аумағында тұратын және Қазақстан Республикасының оқу орындарында техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін мемлекеттік білім гранттарының иегерлері, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі немесе жоғары білім алуға, сондай-ақ, екінші техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төлемдердің өзге де түрлерін алушылары болып табылатын мүгедектерді қоспағанда тиісті білім беру ұйымдарында оқытудың нақты құнының 100 % мөлшерінде әлеуметтік көмек (бұдан әрі – оқуға төлеу үшін әлеуметтік көмек).
Тармақ 2
2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органы болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) құжаттар 1-тармағының 5, 6) тармақшаларды қоспағанда әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі аудандық комиссиясымен, 1-тармағының 7, 8) тармақшалар аудандық Ардагерлер кеңесінің қолдаухаты бойынша қаралады;
Тармақша 2
2) кәмілет жасқа толмаған балаларды жерлеуге ата-ананың біреуіне немесе өзге де заңды өкілге егер еңбекке қабілеттілігі бар ата-анасы (бала асырап алушы) бала қайтқан күніне уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалады;
Тармақша 3
3) өлердің алдында уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалады;
Тармақша 4
4) мүгедек-балаларды компьютерлік томографта тексеруімен байланысты шығындарды өтеуге мүгедек-баланың ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне отбасының табыстарына қарамастан әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
Тармақша 5
5) уәкілетті органымен берілген тізімдерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың сәйкестік түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар болған ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті алушылардың жеке есепшоттарына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен әлеуметтік көмектің төлемдері жүзеге асырылады. Аудан аумағында тұрақты тұратын тұлғалар бір жолғы әлеуметтік көмектің алушылары болып табылады;
Тармақша 6
6) оқуға төлеу үшін әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) оны алуға мүгедектердің, соның ішінде балалар-мүгедектердің (бұдан әрі – мүгедектер) құқығын растайтын тиісті құжаттар мен жеке өтініш берген күнінен тағайындалады және мүгедек әлеуметтік көмекке өтініш жасаған оқу жылына біржолға төленеді;
Тармақша 6-1
6-1) мүгедектің әлеуметтік көмекті мақсатты пайдаланбауы екінші қайтара өтініш жасағанда, әлеуметтік көмек сұрағанға дейін мүгедек оқығаны үшін өзінің жеке қаражаты есебінен толық көлемде төлеген жағдайды қоспағанда, әлеуметтік көмек алу құқығынан айыруға әкеліп соғады. Егер мүгедек әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш бергенге дейін оқығаны үшін өзінің жеке қаражаты есебінен ішінара төлем жасаса, мүгедек әлеуметтік көмек алғаннан кейін оқудың толық құнына жетпейтін әлеуметтік көмектің бөлігін мақсатты пайдаланады;
Тармақша 6-2
6-2) әлеуметтік көмек төлеу мүгедектігі алынып тасталған, тиісті оқу орнынан шығып қалған, немесе қайтыс болған жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 4
4. Тағайындалған әлеуметтік көмектің төлемі алушының қайтыс болған немесе ауданның шегінен тұрақты тұрғын орынға көшіп кеткен сәттен бастап тоқтатылады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі уәкілетті органымен бекітіледі.
Тармақ 6
6. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарлама бойынша әлеуметтік көмектің қаржыландырылуы жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Б.Қ. Бекеновке жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.