О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 декабря 2008 года № 1184 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
12 "Көлік және коммуникация" деген функционалдық топта:
215 "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген әкімші бойынша:
006 "Әуе көлігі инфрақұрылымын салу және реконструкциялау" деген бағдарламада:
005 "Ішкі көздер есебінен" деген кіші бағдарламада:
"Көкшетау аэропортының жасанды ұшып-қону алаңы мен аэровокзалын қайта құру" деген жолдың 3-бағанындағы "2160000" деген сандар "160000" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қызылорда қаласының "Қорқыт Ата" әуежайының
ұшу-қону жолағын реконструкциялау және аэродромдық
және сервистік арнайы техникамен қайта жарақтандыру 2000000".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.