О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 декабря 2008 года № 1184 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: 12 "Көлік және коммуникация" деген функционалдық топта: 215 "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген әкімші бойынша: 002 "Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту" деген бағдарламада: 016 "Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен" деген кіші бағдарламада: 3-бағанда: "Атырау-Ақтау автожолының "Қарабатан-Бейнеу" учаскесін қайта жаңарту" деген жолда "5 976 800" деген сандар "5 967 327" деген сандармен ауыстырылсын; "Астана-Алматы" автожолын қайта жаңарту" деген жолда "93 000" деген сандар "102 473" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.