О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 декабря 2008 года № 1184 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасында: 08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" деген функционалдық топта: 205 "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" деген әкімші бойынша: 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері" деген бағдарламада: "Астана қаласы" деген кіші бөлімде: "Астана қаласындағы теннис кешенінің құрылысы" деген жолда: 2-бағандағы "Астана қаласындағы теннис кешенінің құрылысы" деген сөздер "Астана қаласындағы теннис кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және салу" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-бағандағы "1 583 590" деген сандар "507 150" деген сандармен ауыстырылсын; "Қазақстан" спорт сарайын хоккей-жаттығу қосымша ғимаратын сала отырып, қалпына келтіру" деген жолда: 2-бағандағы "Қазақстан" спорт сарайын хоккей-жаттығу қосымша ғимаратын сала отырып, қалпына келтіру" деген сөздер "Астана қаласындағы "Қазақстан" спорт сарайын сырғанақ тебетін мұз айдынын қосымша сала отырып, жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және қалпына келтіру" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-баған "545 664" деген сандармен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Астана қаласында теннис кортын салу 530 776".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.