О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 декабря 2008 года № 1184 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: 09 "Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында: 231 "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" әкімшісі бойынша: 024 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бағдарламасында: "Астана қаласы" бөлімінде: "Астана қаласындағы жұмыс істеп тұрған электр жүйесін қайта жаңғырту" деген жолда: "1000000" деген сандар "521601" деген сандармен ауыстырылсын; "Астана қаласында "14 тұрғын үй ауданы" 110/10 кВ ШС салу" деген жолда: "121093" деген сандар "563330" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: " Аста­на қа­ла­сын­да "Көк­тем" 110/10 кВ ШС са­лу 36162 ".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.