О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 декабря 2008 года № 1184 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін. көрсетілген қаулының 1-қосымшасында: 12 "Көлік және коммуникация" деген функционалдық топта: 215 "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген әкімші бойынша: 002 "Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту" деген бағдарламада: 005 "Ішкі көздер есебінен" деген кіші бағдарламада: 3-бағанда: "Көкшетау қаласын айналма жолын қоса "Щучье - Көкшетау - Петропавл - Ресей Федерациясы шекарасы" автожолын қайта жаңарту" деген жолда "4 970 400" деген сандар "5 470 400" деген сандармен ауыстырылсын; "Щучье-Бурабай" курорттық аймағы" туристік ойын-сауық орталығына кіру жолы" автожолын салу" деген жолда "1 050 000" деген сандар "550 000" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.