О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 декабря 2008 года № 1184 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасында: 13 "Басқалары" деген функционалдық топта: 694 "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы" әкімшісі бойынша: 008 "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының объектілерін салу және реконструкциялау" бағдарламасы бойынша: "Алматы облысы" деген кіші бөлімде: "Алматы облысының Қарасай ауданындағы "Алматы" санаторийін қайта жаңарту және кеңейту" деген жолда "1 577 227" деген сандар "2 577 227" деген сандармен ауыстырылсын; "Астана қаласы" деген кіші бөлімде: "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының клиникалық-оңалту кешені" деген жолда: "5 280 634" деген сандар "3 322 343" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: " А-320 әуе ке­ме­сіне ар­нал­ған ан­гар 958 291 ".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.