О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 декабря 2008 года № 1184 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
02 "Қорғаныс" функционалдық тобында:
202 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген әкімші бойынша:
003 "Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу және реконструкциялау" деген бағдарламада:
3-бағанда:
"Ақмола облысының Щучье қаласында 6 автокөлікке арналған өрт депосының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және салу" деген жолдағы "466 636" деген сандар "444 250" деген сандармен ауыстырылсын;
"Ақмола облысының Щучье қаласында 6 автокөлікке арналған өрт депосының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және салу" деген жолдағы "473 589" деген сандар "442 150" деген сандармен ауыстырылсын;
"Ақмола облысының Щучье ауданының Бурабай кентінде 6 автокөлікке арналған өрт депосының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және салу" деген жолдағы "466 636" деген сандар "431 969" деген сандармен ауыстырылсын;
"Астана қаласында 6 шығу жолдары бар өрт депосын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу" деген жолдағы "25 000" деген сандар "14 000" деген сандармен ауыстырылсын;
"Астана қаласында (Астрахан шоссесі) Тілендиев даңғылы бойынша 6 автокөлікке арналған өрт депосы ғимараттары кешенінің жобалау-сметалық құжаттарын пысықтау және салу" деген жолдағы "262 000" деген сандар "361 492" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.