О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 декабря 2008 года № 1184 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
09 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» деген функционалдық топта:
231 «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген әкімші бойынша:
024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бағдарламада:
«Астана қаласы» деген кіші бөлімде:
«Астана қаласындағы жұмыс істеп тұрған магистральды жылу жүйесін қайта жаңғырту 1701086 2 500 000 2 500 000» деген жолдың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
«Астана қаласында 110/10 кВ «Жилая зона 14» (Жаңажол) ҚС құрылысы 563 330» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана қаласында «14-ші тұрғын аймағы» 110/10 кВШС салу 563 330»;
«Астана қаласының сол жақ жағалау бөлігіне ЖЭО-2-ден III қосылысты жылу магистральін салу 3 139 589» деген жолдың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
«Астана қаласының № 7, 8 ст. қазанды агрегаттарын, № 5, 6 ст. турбоагрегаттарын құру мен ЖЭС-2 және су жылыту қазандығын кеңейту жэне қайта жаңарту 11 438 935 17 500 000 12 001 065» деген жолдың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.