О внесении дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 "Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген, 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1481) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген, Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесінде: 18-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікке енгізуге жататын барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған 9 (10)-сынып бітірушілеріне негізгі орта білім туралы үздік куәлік беріледі. 10 (11) және 11 (12)-сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндерден жылдық, қорытынды және қорытынды аттестаттаудағы бағалары «5» болған 11 (12)-сынып бітірушілеріне жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі. Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер ҰБТ-да бір балл жетпеуіне байланысты жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын растамаған жағдайда, оған жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.».
Тармақ 2
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.