О внесении дополнений в постановление акимата от 18 февраля 2008 года № 35 «О реализации решения Аркалыкского городского маслихата от 19 декабря 2007 года № 23 «О бюджете города Аркалыка на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2008 жылғы 18 ақпандағы № 35 «Арқалық қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 «Арқалық қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 64-1-бабы 3)
тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы негізінде, Арқалық қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 «Арқалық қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешімін іске асыру мақсатында Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2008 жылғы 18 ақпандағы № 35 «Арқалық қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 «Арқалық қаласының жылға арналған бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-81, «Арқалық хабары» газетінің 2008 жылғы 21 наурыздағы 12 нөмірінде жарияланған) қаулысының 1-тармағына мынадай толықтырулар енгізілсін:
14) тармақша Арқалық қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкерлеріне, республикалық және жергілікті дәрежедегі
қызметкерлерге бір жолғы әлеуметтік көмек 30000 (отыз мың) теңге көлемінде.
15) тармақша электр қуатын есептеу құралдар сатып алу және орнату жолғы әлеуметтік көмек мына азаматтар санаттарына:
а) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болған жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (ерлеріне);
б) табысы аз және аз қамтамасыз етілген отбасыларына;
в) жалғыз тұратын мүгедектердің барлық тобына;
г) 70 жастан асқан жалғыз тұратын зейнеткерлерге;
д) кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелейтін, жалғыз басты мүгедек-әйелдерге.
Тағайындау комиссияның шешімімен 6 (алты) айлық есептік дейінгі көлемде жүргізіледі. Бір жолғы материалдық көмекті берілген арызға сәйкес, аталған қызмет түрін көрсететін кәсіпорынға ұсынады.
16) тармақша ЖҚТБ мен ауыратындарға 5 (бес) айлық көрсеткіш есебінде ай сайын әлеуметтік көмек.
17) тармақша өкпе ауруымен ауыратын азаматтарға өкпе ауруына емдейтін диспансердің қолдаухаты бойынша қосымша тамаққа, аз қамтамасыз етілгендер есебінде тұратын, әлеуметтік картасы барларға 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш пен 8 (сегіз) айға дейінгі көлемде әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовке жүктелсін.