О внесении дополнений в постановление акимата от 18 февраля 2008 года № 35 «О реализации решения Аркалыкского городского маслихата от 19 декабря 2007 года № 23 «О бюджете города Аркалыка на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2008 жылғы 18 ақпандағы № 35 «Арқалық қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 «Арқалық қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 64-1- бабы 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатынасушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы негізінде, Арқалық қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 «Арқалық қаласының 2008 жылғы арналған бюджеті туралы» шешімін іске асыру мақсатында Арқалық қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2008 жылғы 18 ақпандағы № 35 «Арқалық қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы «Арқалық қаласының 2008 жылғы арналған бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысының тармағына мынадай толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9- 3-81; «Арқалық хабары» газетінің 2008 жылғы 21 наурыздағы 12-санында жарияланган), бұдан бұрын 2008 жылғы 5 маусымдағы қаулымен толықтырулар енгізілген № 183 «Әкімдіктің 2008 жылғы 18 ақпандағы № 35 Арқалық қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 «Арқалық қаласының 2008 жылғы арналган бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-89):
1) 15)-тармақша «электр қуатын есептеу құралдар сатып алу және орнату үшін бір жолғы әлеуметтік көмек» сөзі «жәңе суды» создерімен толықтырылсын;
2) 1-тармақ «Жылу беру маусымы қарсаңында пәтер иеленушілер болып табылатын Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және соғыс жылдарында қаза болған жауынгерлердің екінші рет некедеспеген жесірлеріне (ерлеріне), ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге, әкімдіктің 2008 жылғы 26 ақпандағы № 45 «2008 жылға халықтың нысаналы топтарының тізімін бекіту туралы» қаулысымен анықталған (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-82) халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарға бір жолғы ішінара материалдық көмек қалалық бюджет қаржысынан 10 (он) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, коммуналдық қызметке берешектің 50 пайыздық мөлшерінде белгіленсін» осы 18) тармақшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовке жүктелсін.