О внесении дополнений в постановление акимата от 18 февраля 2008 года № 35 «О реализации решения Аркалыкского городского маслихата от 19 декабря 2007 года № 23 «О бюджете города Аркалыка на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2008 жылғы 18 ақпандағы № 35 «Арқалық қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы Арқалық қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Казақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 64-1- бабы 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатынасушыларына, мүгедектеріне және оларға тенестірілгендерге берілетін жеңілдіктер мен әэлеуметтік қорғау туралы» Занының 20-бабы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы негізінде, Арқалық қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 «Арқалық қаласының 2008 жылғы арналған бюджеті туралы» шешімін іске асыру мақсатында Арқалық қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2008 жылғы 18 ақпандағы № 35 «Арқалык қалалық атының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 «Арқалық қаласының 2008 жылғы арналған бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-81, «Арқалық хабары» газетінің 2008 жылғы 21 наурыздағы 12-нөмірінде жарияланған, бұдан бұрын 2008 жылғы 5 маусымдағы №183 «Әкімдіктің 2008 жылғы 18 ақпандағы № 35 «Арқалық қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 «Арқалық қаласының 2008 жылғы арналған бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-89), 2008 жылғы 31 шілдедегі № 247 «Әкімдіктің 2008 жылғы 18 ақпандагы № 35 «Арқалық қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 «Арқалық қаласының 2008 жылғы арналған бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-91) қаулыларымен толықтырулар енгізілген) қаулысының 1-тармағына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) 7) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «әлеуметтк көмек - жетім балаларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедек балаларға, күн көріс деңгейінен төмен көп балалы, толық емес және аз қамтылған отбасылардың балаларына, Арқалық қаласының еңбек рыногындағы сұранысы бар мамандықтарға окыған кезеңінде бір адамға жылына 230 (екі жүз отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, аталған төлем жергілікті бюджет қаржысы есебінен комиссияның шешіміне сәйкес жылына 2 (екі) рет оқу семестрлерінің аяқталуымен төленсін»;
2) «Қарттар күніне байланысты берілетін біржолғы әлеуметтік көмек осы қаулының күшіне енген кезеңінде ұйымдары мен мекемелері жойылған
зейнеткерлерге 1 (бір) есептік көрсеткіштің көлемінде» деген 19) тармақшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан күшіне енеді.
З. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовке жүктелсін.