О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 мая 2010 года № 237 "О некоторых мерах по реализации международной стипендии "Болашак" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 237 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6263 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 5 маусымдағы № 140 (26201) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: 2-тармақтың 2) тармақшасындағы «ғылыми тағылымдамаға» деген сөздер «квоталар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Дамыту стратегиясы департаменті (С. Өмірбаев):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Баспасөз қызметі осы ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің веб-сайтында жарияласын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Ырсалиевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.