О внесении дополнения в постановление акимата города Актау от 18 февраля 2011 года № 157 "Об организации молодежной практики" Қолданыста
Басқа 0
Ақтау қаласы әкімдігінің "Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы № 157 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтау қаласы әкімдігінің «Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 157 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-152 тіркелген, 2011 жылдың 5 сәуірдегі № 15(22) «Ақтау ақпарат» газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
мемлекеттік тіліндегі мәтінінде:
5 тармақтағы «жиырма алты» сөздерінен кейін «мың» деген сөзбен толықтырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р. Елтизаровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Ақтау қалалық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
ММ - нің бастығы
К.М. Айтбатырова
08 маусымдағы 2011 жыл
«Ақтау қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
ММ - нің бастығы
А.Н. Ким
08 маусымдағы 2011 жыл