О внесении изменений в постановление акимата Целиноградского района от 18 марта 2011 года № А-3/63 "Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и в октябре-декабре 2011 года" Қолданыста
Басқа 0
Целиноград ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № А-3/63 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Целиноград ауданы әкімдігінің «2011 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2011 жылғы 18 наурыздағы № А-3/63 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-150 тіркелген, 2011 жылғы 8 сәуірінде аудандық «Призыв», «Ұран» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде
мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Ақмола облысы Целиноград
Ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Н. Хамидуллин
«Ақмола облысының Денсаулық
сақтау басқармасы жанындағы
«Целиноград аудандық емханасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігерінің
міндетін атқарушы З. Жақып
Басқа 4
Ақмола облысы Целиноград
ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 14 қыркүйектегі
№ А-7/213 қаулысына қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Хамидулин Наиль Равильевич
«Ақмола облыс Целиноград ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Байдильдина Жанар Еркеновна
«Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
комиссия мүшелері:
Медеубаев Ермек Муратбекович
«Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының ішкі істер департаменті Целиноград ауданының Ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Балтабаева
Айтбала Жакеновна
«Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Целиноград аудандық емханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының терапевт –дәрігері, аға дәрігер, медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Кишикова Ақыт Кайдаровна
«Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Целиноград аудандық емханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медициналық бикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)