О внесении изменения в постановление акимата Сандыктауского района от 18 марта 2011 года № А-3/70 "Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воискую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сандықтау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № А-3/70 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 20 бабына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сандықтау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № А-3/70 «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-123 тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2011 жылдың 8 сәуірде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Ақмола облысы Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы Е. Оразов
Басқа 3
Сандықтау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 қазандағы № А-10/239 қаулысына қосымша 1 қосымша Сандықтау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № А-3/70 қаулысымен бекітілген Аудандық шақыру комиссиясының құрамы Оразов Ербол Рахымбекұлы - «Ақмола облысы Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Дерягина Наталья Александровна - «Сандықтау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Бекішев Азамат Оралбекұлы - «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Ақмола облысы ішкі істер департаментінің Сандықтау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Шмаль Ирма Робертовна - Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Сандықтау орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігері, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша) Гербер Ирина Владимировна - Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Сандықтау орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)