О внесении изменений в постановление акимата Жанааркинского района от 18 января 2012 года № 02/02 "Об организации социальных рабочих мест в Жанааркинском районе на 2012 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2012 жылы Жаңаарқа ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 02/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 378 қаулысына сәйкес, нысаналы топқа жататын қатысушыларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2012 жылы Жаңаарқа ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы N 02/02 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің Тізілімінде 8-12-123 нөмірімен тіркелді, 2012 жылғы 11 ақпанында N 8 (9482) "Жаңаарқа" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін: аталған қаулының 3-тармағы мен қосымшасы қаулыдан алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Юржан Асанүлы Бекқожинге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енеді.