О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 18 апреля 2012 года № 19-02/183 «Об утверждении Правил регистрации заключения уполномоченного органа в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения, выдаваемого физическим и юридическим лицам на поверхностные и подземные водные объекты, использующиеся для нецентрализованного питьевого и хозяйственно-бытового водоснабжения населения» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 19-02/183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 19-02/183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7678 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 22 желтоқсандағы № 842-846 (27917) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу қағидалары бекітілсін.»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 19-1/1122 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 19-02/183 бұйрығымен бекітілген Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) халықты тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауды халықты тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу тәртібі
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу тәртібі
Тармақ 3
3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеуде халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау кезінде пайдаланылатын су объектісінің орналасу орны бойынша тиісті ЖАО жүргізеді.
Тармақ 4
4. Тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жөнінде қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ЖАО-ға мыналарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) куәліктің* көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (жеке тұлға үшін – жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік). * ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
Тармақша 3
3) су шаруашылығы құрылысы немесе құрылғысы паспортының көшірмесі;
Тармақша 4
4) өзінің өндірістік зертханасы болған кезде – бактериологиялық санитариялық-химиялық зерттеулер жүргізу бөлігінде санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық қызметке лицензияның көшірмесі; зертханалық зерттеулерді басқа зертханаларда жүргізген жағдайда – зертханалық зерттеулерді жүргізу шартының көшірмесі және көрсетілген қызмет түріне берілген зертхананың лицензиясының көшірмесі;
Тармақша 5
5) халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын су объектісінің су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су алу орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысының көшірмесі.
Тармақ 5
5. Өтініш иесі осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген барлық құжаттарды ұсынғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде ЖАО осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу журналына мәліметтерді енгізу арқылы тіркеуді жүзеге асырады. Журнал тігілуге, нөмірленуге, басшының қолымен және мөрмен расталуға тиіс.
Тармақ 6
6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттарды толық бермеген жағдайда, өтініш қарауға қабылданбайды.
Тармақ 7
7. ЖАО тіркеуді жүзеге асырғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініштің көшірмесін тіркелген күнін көрсете отырып тиісті бассейндiк су шаруашылығы басқармасына жолдайды.
Басқа 1
Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу қағидаларына 1-қосымша _______________________________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы) _______________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы) ӨТІНІШ Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеуді сұраймын. Су объектісінің атауы және оның сипаттамасы ________________________________ ________________________________________________________________________________ Су тұтынушылардың саны туралы мәліметтер ___________________________________ Суды есепке алу аспаптарының түрлері мен саны, оларды тексеру күні ________________________________________________________________________________ 20___жылғы «____» _______________. ________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның немесе заңды тұлға басшысының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мөр орны (заңды тұлғалар үшін) Өтініш «____»_______________20___жылы қарауға қабылданды. ________________________________________________________________________________ (өтінішті қабылдаған адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басқа 2
Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу қағидаларына 2-қосымша Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу ЖУРНАЛЫ № Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы Су объектісінің атауы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысы Тіркелген күні 1 2 3 4 5