О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 18 апреля 2014 года № 111/4 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление культуры, архивов и документации Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 18 апреля 2014 года № 111/4 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление культуры, архивов и документации Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 111/4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 314/11
- Қабылданған күні
- 11.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2016 96083_89735.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15P0004832
- ЭКБ идентификаторы
- 96083
- Редакция идентификаторы
- 96083_89735
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:39
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 18 сәуірдегі «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»
№ 111/4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының үлгілік ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 111/4 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3762 болып тіркелген, «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа самалы» газеттерінде 2014 жылғы 24 сәуірде жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге:
20-тармақта:
3) және 16)-тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«3) театр, цирк, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана, музей, мұрағат және құжат жасау ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет және мұрағат ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, олардың қызметін қамтамасыз етеді;»;
«16) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәнгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;»;
20-тармақ келесі мазмұндағы 61), 62), 63)-тармақтарымен толықтырылсын:
«61) тарихи-мәдени мұра объектілерін айқындау, есепке алу, қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
62) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
63) мемориалдық тақта орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді.».
2 2. «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
осы қаулының әділеттің аймақтық органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы әділеттің аймақтық органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеге ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.