О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 марта 2014 года № 112 «Об утверждении знаков различия и знака об окончании Национального университета обороны Республики Казахстан» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілерін және оқуды аяқтағаны туралы белгіні бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 112 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілерін және оқуды аяқтағаны туралы белгіні бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9348 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: 2-қосымшаға ескертпе мынадай редакцияда жазылсын: «Ескертпе: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін аяқтағаны туралы белгінің негізгі мәнін сипаттайтын белгілер семантикасы. Мельхиор (күміс) түстес ақ түсті металл ромбик ой тазалығын, даналықты білдіреді. Ромбик негізіндегі ақ түсті эмаль бейбітшілік пен адалдықты білдіреді. Мемлекеттік Елтаңба – Қазақстан Республикасының мемлекетіне тиесілік. Ромб – жан-жақты белсенділікті білдіреді. «ҰЛТТЫҚ ҚОРҒAНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» геральдикалық жазуы бар мельхиордан жасалған қондырма.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғаш ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.