О внесении изменений в решение Курчумского районного маслихата от 18 апреля 2014 года № 17-20 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел, улиц, многоквартирных жилых домов для участия в сходе местного сообщества на территории Курчумского района" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 17-20 "Күршім ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын анықтау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Күршім аудандық мәслихатының «Күршім ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын анықтау Қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 17-20 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3368 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 18 маусымда № 46 «Рауан» және «Заря» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғынға 4 өкіл сандық құрамында бөлек жиынға қатысушылар ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.»; Күршім ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын анықтау Қағидаларының қосымшасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.