О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2014 года № 403 «Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында: 3 «Сыртқы саяси қызмет» функционалдық кіші тобында: мынадай мазмұндағы 164 бюджеттік бағдарламасы бар 626 және 627 бюджеттік бағдарламалар әкімшісілерлерімен толықтырылсын: «626 Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі 164 Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету 627 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 164 Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету»; 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында: 1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында: 373 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: мынадай мазмұндағы 005, 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 049 және 050 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын: «049 Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй қарыздарын беру үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарына бюджеттік кредит беру 005 Ішкі қарыздар есебінен 011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 050 Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттік тұрғын үй салуға бюджеттік кредит беру 005 Ішкі қарыздар есебінен 011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.