О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2014 года № 403 «Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында: 9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында: 467 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 040 «Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен»; 04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында: 4 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру» функционалдық кіші тобында: 253 «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 043 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен»; 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында: 1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында: 279 «Облыстың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 046 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 033 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «033 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан кредит беру есебінен»; 048 «Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 033 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «033 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан кредит беру есебінен»; 458 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 053 «Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 033 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «033 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан кредит беру есебінен»; 2 «Коммуналдық шаруашылық» функционалдық кіші тобында: 343 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: мынадай мазмұндағы 005, 011, 015 және 032 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 010 бюджеттік бағдарламаласымен толықтырылсын: «010 Нөсер кәрізін дамыту 005 Ішкі қарыздар есебінен 011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен»; 466 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 058 «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 052 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «052 Республикалық бюджеттен өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне берілетін субвенциялар»; 10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында: 1 «Ауыл шаруашылығы» функционалдық кіші тобында: 212 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 255 «Өсімдік шаруашылығы өнiмiн өндіруді, өткізуді дамыту үшін жағдай жасау» бюджеттік бағдарлама бойынша: 118 «Астықтың резервтік қорын сақтау бойынша «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның шығыстарын өтеу» бюджеттік кіші бағдарлама бойынша орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді; 11 «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық тобында: 1 «Өнеркәсiп» функционалдық кіші тобында: 249 «Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 024 «Шекара бөлімшелерін жобалау және салу» бюджеттік бағдарлама бойынша: 032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен» бюджеттік кіші бағдарлама алып тасталсын; 12 «Көлiк және коммуникация» функционалдық тобында: 4 «Әуе көлiгi» функционалдық кіші тобында: 268 «Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 051 «Әуе көлігінің инфрақұрылымын дамуы» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «005 Ішкі қарыздар есебінен».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.