О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2014 года № 403 «Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында: 9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында: 490 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 001 «Жергілікті деңгейде коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 042 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «042 Республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтеріне берілетін субвенциялар есебінен»; 03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында: 1 «Құқық қорғау қызметi» функционалдық кіші тобында: 201 «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 076 «Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 145 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «145 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ішкі істер органдары азаматтық қызметшілерінің қатарындағы медицина қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 628 «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 003 «Сотқа дейінгі тексеру» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын: «003 Сотқа дейінгі тергеп-тексеру»; 04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында: 1 «Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту» функционалдық кіші тобында: 225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 098 «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 121 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «121 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді ұлғайтуға және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шығыстардың осы бағыты бойынша төленген сомаларды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 2 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» функционалдық кіші тобында: 225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 099 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 133 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «133 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді ұлғайтуға және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шығыстардың осы бағыты бойынша төленген сомаларды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 4 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру» функционалдық кіші тобында: 225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 203 «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 130 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «130 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдардың медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді ұлғайтуға және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шығыстардың осы бағыты бойынша төленген сомаларды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында: 2 «Коммуналдық шаруашылық» функционалдық кіші тобында: 279 «Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: мынадай мазмұндағы 005, 011, 015, 032 және 048 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 051 бюджеттік бағдарламаласымен толықтырылсын: «051 Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту 005 Ішкі қарыздар есебінен 011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен 048 Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар есебінен»; 497 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 016 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 048 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «048 Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар есебінен»; 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында: 3 «Елді-мекендерді көркейту» функционалдық кіші тобында: 497 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 025 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 048 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «048 Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар есебінен»; 09 «Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында: 1 «Отын және энергетика» функционалдық кіші тобында: 497 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 009 «Жылу-энергетикалық жүйені дамыту» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 048 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «048 Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар есебінен»; 13 «Басқалар» функционалдық тобында: 9 «Басқалар» функционалдық кіші тобында: 268 «Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «005 Ішкі қарыздар есебінен»; 819 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі)» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 052 ««Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен»; 15 «Трансферттер» функционалдық тобында: 1 «Трансферттер» функционалдық кіші тобында: 459 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 024 «Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарлама бойынша: мынадай мазмұндағы 049 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «049 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар есебінен»; бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында: 1 «Ағымдағы шығындар» санатында: 03 «Ағымдағы трансферттер» сыныбында: 320 «Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер» кіші сыныбында: 321 «Арнайы мемлекеттік органдардың, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының қызметкерлеріне және əскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдері» ерекшелікті мынадай редакцияда жазылсын: «321 Арнайы мемлекеттік органдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдері»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында: 320 «Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер» кіші сыныбында: « 321 Ар­найы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың, жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл ор­га­ны­ның қыз­мет­кер­ле­ріне және əске­ри қыз­мет­ші­лер­ге тұр­ғын үй тө­лем­де­рі Осы ерекше­лік бой­ын­ша «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры ту­ра­лы» 2012 жы­л­ғы 13 ақ­пан­да­ғы, «Тұр­ғын үй қа­ты­на­ста­ры ту­ра­лы» 1997 жы­л­ғы 16 сәу­ір­де­гі және «Әс­ке­ри қыз­мет және әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер­дің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы» 2012 жы­л­ғы 16 ақ­пан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­на сәй­кес тұр­ғын үй тө­лем­де­рі бой­ын­ша шы­ғын­дар көр­се­ті­ле­ді. » деген жол мынандай редакцияда жазылсын: « 321 Ар­найы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың, сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл ор­га­ны­ның, іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­кер­ле­ріне және әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер­ге тұр­ғын үй тө­лем­де­рі Осы ерекше­лік бой­ын­ша «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры ту­ра­лы», «Тұр­ғын үй қа­ты­на­ста­ры ту­ра­лы», «Әс­ке­ри қыз­мет және әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер­дің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы» және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­на сәй­кес тұр­ғын үй тө­лем­де­рі бой­ын­ша шы­ғын­дар көр­се­ті­ле­ді. »; « 324 Сти­пен­ди­я­лар Осы ерекше­лік бой­ын­ша бі­лім бе­ру және ден­са­улық сақ­тау, мә­де­ни­ет және спорт ұй­ым­да­рын­да оқи­тын сту­дент­тер­ге, ма­ги­странт­тар­ға, ин­терн­дер­ге, дай­ын­дық бө­лім­ше­сі мен ре­зи­ден­ту­ра тың­да­у­шы­ла­ры­на, док­то­рант­тар­ға сти­пен­ди­я­лар тө­леу жө­нін­де­гі шы­ғын­дар, сон­дай-ақ іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның, Қа­ру­лы Кү­ш­тер­дің, бас­қа да әс­кер­лер мен әс­ке­ри құ­ра­лым­дар­дың офи­цер­лер құ­ра­мы қа­та­ры­нан күн­діз­гі оқу ны­са­ны бой­ын­ша бі­лім ала­тын әс­ке­ри (ар­на­у­лы) оқу орын­да­ры тың­да­у­шы­ла­ры­ның, ма­ги­странт­та­ры­ның, док­то­рант­та­ры­ның сти­пен­ди­я­ла­рын, ақ­ша­лай ризығ­ын тө­леу жө­нін­де­гі шы­ғын­дар көр­се­ті­ле­ді. Офи­цер­лер құ­ра­мы және іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның, Қа­ру­лы Кү­ш­тер­дің, бас­қа да әс­кер­лер мен әс­ке­ри құ­ра­лым­дар­дың бас­шы құ­ра­мы қа­та­ры­нан күн­діз­гі оқу ны­са­ны бой­ын­ша бі­лім ала­тын әс­ке­ри (ар­найы) оқу орын­да­ры тың­да­у­шы­ла­ры­ның, ма­ги­странт­та­ры­ның, док­то­рант­та­ры­ның ақ­ша­лай қа­ра­жа­ты мөл­ше­рі­нің 20% мөл­ше­рін­де мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­рын ауда­ру; Әс­ке­ри (ар­на­у­лы) оқу орын­да­ры (әс­ке­ри фа­куль­тет­тер) кур­сант­та­ры­ның ла­у­а­зым­дық жа­ла­қы­сы­ның (сти­пен­ди­я­сы­ның) 20%-ы осы ерекше­лік бой­ын­ша жүр­гі­зі­ле­ді. » деген жол мынандай редакцияда жазылсын: « 324 Сти­пен­ди­я­лар Осы ерекше­лік бой­ын­ша бі­лім бе­ру және ден­са­улық сақ­тау, мә­де­ни­ет және спорт ұй­ым­да­рын­да оқи­тын сту­дент­тер­ге, ма­ги­странт­тар­ға, ин­терн­дер­ге, дай­ын­дық бө­лім­ше­сі мен ре­зи­ден­ту­ра тың­да­у­шы­ла­ры­на, док­то­рант­тар­ға сти­пен­ди­я­лар тө­леу жө­нін­де­гі шы­ғын­дар, сон­дай-ақ іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның, Қа­ру­лы Кү­ш­тер­дің, бас­қа да әс­кер­лер мен әс­ке­ри құ­ра­лым­дар­дың офи­цер­лер құ­ра­мы қа­та­ры­нан күн­діз­гі оқу ны­са­ны бой­ын­ша бі­лім ала­тын әс­ке­ри (ар­на­у­лы) оқу орын­да­ры тың­да­у­шы­ла­ры­ның, ма­ги­странт­та­ры­ның, док­то­рант­та­ры­ның сти­пен­ди­я­ла­рын, ақ­ша­лай ризығ­ын тө­леу жө­нін­де­гі шы­ғын­дар көр­се­ті­ле­ді. ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.