О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2014 года № 403 «Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: шығыстардың экономикалық сыныптамасында: 1 «Ағымдағы шығындар» санатында: 01 «Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар» деген сыныпта: мынадай мазмұндағы 171-ерекшелігі бар 170-кіші сыныппен толықтырылсын: «170 «Мемлекеттік емес қарыздар бойынша шығыстарды өтеу» 171 «Мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздар бойынша шығыстарды өтеу»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: « 170 Мемлекеттік қарыздар бойынша шығыстарды өтеу 171 Мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздар бойынша шығыстардн өтеу Осы ерекшелікте мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қорғаныс, қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету мұқтаждары үшін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстарды өтеу көрсетіледі ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.