О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2014 года № 403 «Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:
1 «Ағымдағы шығындар» санатта:
01 «Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар» сыныбында:
150 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» кіші сыныбында:
157 «Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге арналған қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«157 Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге және имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу»;
158 «Имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«158 Ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
150 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» кіші сыныбында:
жол
«
157
Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге арналған қызметтерге ақы төлеу
Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге арналған қызметтерге ақы төлеу
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
157
Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге және имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу
Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге және мемлекеттік органның имиджін арттыруға байланысты имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу, мысалы: брошюралар, бейнероликтер дайындау және т.б.
»;
жол
«
158
Имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу
Мемлекеттік органның имиджін арттыруға байланысты имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу, мысалы: брошюралар, бейнероликтер дайындау және т.б.
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
158
Ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен айқындалған жұмыстар мен қызметтер тізімі
».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2024 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.