О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2014 года № 403 «Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында: 1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында: 383 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: мынадай мазмұндағы 005 және 015 кіші бағдарламалары бар 017 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: «017 Авариялық тұрғын үй иелерін көшіру үшін тұрғын үй сатып алу 005 Ішкі қарыздар есебінен 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2024 жылғы 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.