О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2014 года № 403 «Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер» функционалдық тобында: 1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында: 693 «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 001 «Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша: мынадай мазмұндағы 106 кіші бағдарламамен толықтырылсын: «106 Парламенттің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру»; 9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында: 608 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 001 «Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша: мынадай мазмұндағы 111 кіші бағдарламамен толықтырылсын: «111 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің күрделі шығыстары»; 652 «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 001 «Су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша: мынадай мазмұндағы 106 кіші бағдарламамен толықтырылсын: «106 Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдардың күрделі шығыстары».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.