О внесении изменения и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2014 года № 403 «Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында: 2 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында: 226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 053 «Арнайы медициналық резервті сақтауды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша: мынадай мазмұндағы 140 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын: «140 Республикалық деңгейдегі жаңа денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беру жөніндегі қызметтер»; 08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобында: 2 «Спорт» функционалдық кіші тобында: 650 «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 036 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша: мынадай мазмұндағы 112 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын: «112 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне спорт объектілерін дамыту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері»; 13 «Басқалар» функционалдық тобында: 9 «Басқалар» функционалдық кіші тобында: 223 «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 205 «Қазақстан Республикасының инновациялық дамуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша: 103 ««Астана Хаб» ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі негізінде инновациялық экожүйе құру» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын: «103 «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі негізінде инновациялық экожүйені құру».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.