О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 декабря 2015 года № 1212 «Об утверждении Правил конкурсного отбора территориальных кластеров» Күшін жойған
Басқа 0
«Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу
қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12619 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 27 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді және оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_________________ А. Мырзахметов
2016 жылғы 29 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
__________________ Е. Сағадиев
2016 жылғы 26 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
__________________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы 28 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 27 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Т. Сүлейменов
2016 жылғы 30 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_________________ Қ. Бозымбаев
2016 жылғы 28 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
__________________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы 8 ақпан
Басқа 0. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 873 бұйрығымен
бекітілді
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары
Тарау 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аумақтық кластер – түпкі немесе аралық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілерді, жиынтықтаушыларды, мамандандырылған көрсетілетін қызметтерді берушілерді, өндірістік және өзге де жабдықтарды өндірушілерді, мамандандырылған инфрақұрылымды жеткізушілерді, ғылыми және зерттеу ұйымдарын, жоғары білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын және белгілі бір салалық мамандануы бар басқа ұйымдарды қамтитын өзара байланысқан және бірін-бірі өзара толықтыратын компаниялар мен ұйымдардың географиялық жағынан шоғырланған тобы;
Тармақша 2
2) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуді ұйымдастырушы (бұдан әрі – іріктеуді ұйымдастырушы) – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 3
3) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысушылар (бұдан әрі – іріктеуге қатысушылар) – кәсіпкерлік субъектілерінің топтары, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары, бизнес-қауымдастықтар;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасын Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласындағы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
Тармақша 5
5) ұлттық институт – индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институт.
Тарау 2. 2-бөлім. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібі
2-бөлім. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібі
Тармақ 3
3. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуден өткізу туралы шешімді іріктеуді ұйымдастырушы қабылдайды.
Тармақ 4
4. Іріктеуді ұйымдастырушы мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өткізілетіні туралы хабарландыруды орналастырады.
Тармақ 5
5. Аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыру аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын жарияланады.
Тармақ 6
6. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін іріктеу қатысушылары іріктеуді ұйымдастырушыға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімді ұсынады.
Тармақ 7
7. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу өтініміне келесі құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған келісімді;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін ұсынылатын мәліметтерді қамтиды.
Бұл ретте іріктеуге қатысушы аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу өтінімінде және оған қоса берілетін құжаттарда көрсетілген, ұсынылатын ақпараттың толықтығын және анықтығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта екі данада – саны бір данадағы түпнұсқасы мен саны бір данадағы көшірмесі және электрондық тасымалдағышта ұсынылады.
Тармақ 9
9. Іріктеуге қатысушы аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға тіркелген өтінімге өзгерістер енгізе алады немесе оны аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдер беру үшін белгіленген мерзім аяқталғанға дейін іріктеуді ұйымдастырушыны жазбаша хабардар ету арқылы кері қайтарып ала алады.
Тармақ 10
10. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім бір немесе бірнеше папкаға (томдарға) топтастырылып, нөмірленуі тиіс. Өтініш пен тиісті құжаттар орналасқан парақтарды көрсете отырып, өтінім құрамына кіретін құжаттар тізбесі бірінші тігіледі. Өтінім құрамында бірнеше папка (том) ұсынылған жағдайда, папкалардың (томдардың) нөмірлері және тиісінше әрбір папкадағы (томдағы) парақтар саны көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Өтінімдерді қабылдауға арналған мерзім өткен соң ұсынылған аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім қабылданбайды және аумақтық кластерлерді ағымдағы конкурстық іріктеу шеңберінде қаралмайды.
Тармақ 12
12. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімді тіркеу сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іріктеуді ұйымдастырушы берілген өтінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді және егер осы Қағидалардың талаптарына жауап бермесе, іріктеуге қатысушыны жазбаша хабардар ете отырып, аумақтық кластерлерді ағымдағы конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімді қайтарады.
Тармақ 13
13. Іріктеуді ұйымдастырушы ұсынылған өтінімдерді тексеру мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдерді ұлттық институтқа жібереді.
Тармақ 14
14. Ұлттық институт ұсынылған құжаттарды осы Қағидаларға4-қосымшада көрсетілген аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігі мәніне талдау жүргізеді (бұдан әрі – талдау) және сарапшылық қорытындысын береді.
Тармақ 15
15. Ұлттық институттың сараптамалық қорытындысы осы Қағидаларға4-қосымшада көрсетілген аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттарына сәйкестік бөлігінде тұжырымдардан тұрады және ұсынымдық сипатында болады.
Тармақ 16
16. Ұлттық институттың талдауы мен сараптамалық қорытындысын беру аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Ұлттық институттың аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған әрбір өтінім бойынша сараптамалық қорытындысы талдау мен сараптамалық қорытынды беруге арналған мерзім аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес мерзімде іріктеуді ұйымдастырушыға беріледі.
Тармақ 18
18. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдердің материалдары және ұлттық институттың аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған әрбір өтінім бойынша сараптамалық қорытындысы іріктеуді ұйымдастырушымен 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес мерзімде Комиссияға енгізіледі.
Тармақ 19
19. Комиссия аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу жеңімпаздарын айқындау бойынша шешімді қабылдайды.
Тармақ 20
20. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша қабылданған Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.
Тармақ 21
21. Іріктеуді ұйымдастырушы Комиссия хаттамасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу нәтижелері туралы хабарлайды.
Басқа 1. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім
Аумақтық кластерлерді
конкурстық іріктеу қағидаларына
1-қосымша
__________________________________
Индустриялық-инновациялық қызметті
мемлекеттік қолдау саласындағы
уәкілетті орган
нысан
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім
_______________________________________________________________________________
(компания, өңір, сала атауы)
аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар пакетімен қоса осы өтінімді жібереді.
Қосымша:
Тармақ 1
1.____________________
Тармақ 2
2.____________________
Тармақ 3
3.____________________
________________________________
________________________________
(өтінімді берген адамның лауазымы)
________________________________
________________________________
________________________________
(тегі, аты, әкісінің аты (жеке куәлігінде көрсетілген жағдайда)
________________________________
(қолы)
Қабылдады: _________________________________
(өтінімді қабылдаған адамның тегі, аты, әкісінің аты)
Қолы: _______________, № ______, қабылдау күні 20__ жылғы «___»_______
Басқа 2. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған келісім
Аумақтық кластерлерді конкурстық
іріктеу қағидаларына
2-қосымша
________________________________
Өтінім беруші компаниясы/ұйымының атауы
Нысан
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған келісім
Осы арқылы _____________________________________________________
(компания атауы)
аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу өтініміне қосуға келісімін береді және алдағы конкурстық іріктеу шеңберінде бірлескен жұмысқа, сондай-ақ кластерді одан әрі дамыту бойынша іс-шараларға қатысуға мүдделілік танытады.
________________________________
________________________________
(өтінімді берген адамның лауазымы)
________________________________
________________________________
________________________________
(тегі, аты, әкісінің аты (жеке куәлігінде көрсетілген жағдайда)
________________________________
(қолы)
Басқа 3. Аумақтық кластарлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін
ұсынылатын мәліметтер
Аумақтық кластерлерді конкурстық
іріктеу қағидаларына
3-қосымша
Аумақтық кластарлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін
ұсынылатын мәліметтер
Тармақ 1
1. Кластердің қысқаша сипаттамасы:
Тармақша 1
1) аумақтық кластердің орналасқан жері;
Тармақша 2
2) аумақтық кластердің салалық және салааралық тиесілігі;
Тармақша 3
3) аумақтық кластердің негізгі қатысушылары.
Тармақ 2
2. Аумақтық кластерді құру мақсаттары мен міндеттері.
Тармақ 3
3. Қалыптастырылған аумақтық кластердің даму деңгейі:
Тармақша 1
1) өзара байланысқан және бірін-бірі өзара толықтыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың шоғырланған тобының болуы;
Тармақша 2
2) технологиялық тізбекті ұзартуға бағытталған жобалардың болуы (технологиялық тізбек – толық технологиялық цикл шеңберінде технологиялық тізбектің түпкілікті өнімін әзірлеу, жасау және ілгерілету жөніндегі өндірістік және өзге де қызметті жүзеге асыратын, бизнесті бірлесіп жүргізу бойынша операцияларды орындау процесіндегі ретке келтірілген заңды тұлғалардың жиынтығы);
Тармақша 3
3) аумақтық кластердің қызметін қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (инвестициялар, жекеменшік және/немесе қарыз қаражат).
Тармақ 4
4. Аумақтық кластердің құрылымы және мамандануы:
Тармақша 1
1) аумақтық кластердің құрылымы және аумақтық кластерден тыс әріптестік байланыстар, аумақтық кластерді интернационалдандыру әлеуеті;
Тармақша 2
2) кластердің даму көрінісі: аумақтық кластер қатысушылары ұсынылған өнімдердің, тауарлар мен қызметтердің құнын жасау тізбектері.
Тармақ 5
5. Аумақтық кластерді дамытудың перспективалылығы:
Тармақша 1
1) аумақтық кластерді дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері (нысаналы индикаторларын көрсете отырып);
Тармақша 2
2) қолдау шараларын көрсете отырып (қаржылай, қаржылай емес шаралар) кластерлік бастамаларды қажетті қолдау бойынша ұсыныстар, қолдау шараларын пайдаланудың негіздеумен қоса бағыттар, кластер үшін жалпы проблемалар туралы ақпарат (технологиялық, нарықтық, әкімшілік).
Мынадай деректерді қосымша ұсыну талап етілуі мүмкін:
Тармақ 1
1. Аумақтық кластерді одан әрі дамыту үшін жағдайлардың болуы
Тармақша 1
1) қажетті шикізат және табиғи ресурстар (су және жер ресурстары);
Тармақша 2
2) талап етілетін біліктілік деңгейі бар адами ресурстардың қолжетімділігі;
Тармақша 3
3) технологиялық тізбекті және қажетті ілеспелі қызметтерді жасауға арналған өндірістік қуаттар (кәсіпорындар);
Тармақша 4
4) энергетикалық инфрақұрылымның дамығандығы;
Тармақша 5
5) көліктік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның дамығандығы;
Тармақша 6
6) индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның дамығандығы (индустриялық аймақтар, конструкторлық бюролар, технопарктер, технологиялар трансферті орталықтары);
Тармақша 7
7) білім беру, ғылыми және зерттеу инфрақұрылымының болуы;
Тармақша 8
8) халықаралық байланыстардың болуы, халықаралық жеткізілімдер тізбектеріне кірістіру;
Тармақша 9
9) қаржы ресурстары.
Тармақ 2
2. Аумақтық кластердің өңірлік, ұлттық даму стратегияларының басымдықтарына және Қазақстанның кластерлік саясатына сәйкестігі:
Тармақша 1
1) ұлттық басымдықтар – Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығымен бекітілген «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аумақтық кластердің басым секторлардың жиынтығына сәйкестігін бағалау;
Тармақша 2
2) өңірлік басымдықтар – аумақтық кластердің өңірлік даму бағдарламаларына сәйкестігін бағалау;
Тармақша 3
3) аумақтық кластерді дамытудың маңыздылығы (өткен жылдардың серпіні негізінде):
аумақтық кластер кәсіпорындарындағы өндіріс көлемі және аумақтық кластердің барлық кәсіпорындарының экспорт көлемі тұрғысынан өзі орналасқан өңір үшін жұмыспен қамтылғандардың саны.
тұтас алғанда, жұмыспен қамтылғандардың саны, аумақтық кластер кәсіпорындарындағы өндіріс көлемі және аумақтық кластердің барлық кәсіпорындарының экспорт көлемі тұрғысынан өзі жататын сала үшін.
Басқа 4. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттары
Аумақтық кластерлерді конкурстық
іріктеу қағидаларына
4-қосымша
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттары
Аумақтық кластерлерді іріктеуге қатысу үшін мынадай өлшемшарттарға сәйкес болуы қажет:
Тармақ 1
1. Қосылған құн тізбегінің даму деңгейі:
Тармақша 1
1) өзара байланысты және өзара толықтыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың сындарлы массасының болуы, сондай-ақ ШОБ белгілі бір мамандану деңгейі;
Тармақша 2
2) қажетті шикізат және табиғи ресурстар;
Тармақша 3
3) адами ресурстардың қолжетімділігі;
Тармақша 4
4) технологиялық тізбекті және қажетті ілеспелі көрсетілетін қызметтерді құруға арналған өндірістік қуаттар (кәсіпорындар);
Тармақша 5
5) индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның дамуы;
Тармақша 6
6) білім беру инфрақұрылымының дамуы.
Тармақ 2
2. Өңірдегі жағымды орта:
Тармақша 1
1) энергетика инфрақұрылымының дамуы;
Тармақша 2
2) көлік инфрақұрылымының дамуы;
Тармақша 3
3) қаржы ресурстарының қолжетімділігі.
Тармақ 3
3. Ол қызмет ететін салаға және өңірге кластерді дамыту бойынша бастамалардың болжанған әлеуметтік-экономикалық ықпалы (алдыңғы 5 жыл деректерінің серпіні негізінде) және ұлттық әрі өңірлік стратегияларға сәйкестік:
Тармақша 1
1) аумақтық кластер кәсіпорындарындағы жұмыспен қамтылғандардың саны, өнім өндірісінің көлемі және олардың экспорты көлемі тұрғысынан өзі орналасқан өңір үшін;
Тармақша 2
2) тұтас алғанда, кластер кәсіпорындарындағы жұмыспен қамтылғандардың саны, өнім өндірісінің көлемі және олардың экспортының көлемі тұрғысынан өзі жататын сала үшін маңызы (алдыңғы 5 жылдағы серпіннің дамуы негізінде).
Тармақ 4
4. Кластердің дамытудың перспективалылығы, ішкі, өңірлік және жаһандық нарықтардың дамуын ескеріп, болжанған қызмет көрсеткіштері
Ескертпе: аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу жеңімпаздарын айқындау бойынша бағалау кешенді түрде, іріктеу қатысушылары ұсынған деректердің негізінде, сондай-ақ аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеудің әрбір өлшемшарты бойынша күшті және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерін талдау, сондай-ақ осы өлшемшарттарға ықпал ететін факторларды талдау негізінде жүргізіледі. Кешенді талдауы көбірек бәсекеге қабілеттілік көрсеткен аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу өтінімдеріне артықшылық берілетін болады.