О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 декабря 2015 года № 1212 «Об утверждении Правил конкурсного отбора территориальных кластеров» Күшін жойған
Басқа 0
«Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1212 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 12619 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы
27 қаңтарда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуді ұйымдастырушы (бұдан әрі – іріктеуді ұйымдастырушы) – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган;»;
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымшаның 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ұлттық басымдықтар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1055 қаулысымен бекітілген Инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аумақтық кластердің басым секторлар жиынтығына сәйкестігін бағалау;»
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім
______________________________________________________
(компания, өңір, сала атауы)
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірінің
2020 жылғы 22 қазаны № 550
Бұйрыққа қосымша
Аумақтық кластерлерді
конкурстық іріктеу
қағидаларына
1-қосымша
______________________________
Индустриялық қызметті
мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган
нысан
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім
______________________________________________________
(компания, өңір, сала атауы)
аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар пакетімен қоса осы өтінімді жібереді.
Қосымша:
1._______________
2._______________
3._______________
________________________
________________________
(өтінімді берген адамның лауазымы)
________________________
________________________
________________________
(тегі, аты, әкісінің аты (жеке
куәлігінде көрсетілген жағдайда)
________________________
(қолы)
Қабылдады:
____________________________
(өтінімді қабылдаған адамның
тегі, аты, әкісінің аты)
Қолы: _______________, № ______,
қабылдау күні 20__ жылғы
«___» _________